«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Әр көшенің өз тарихы бар

Вівторок, 01 березня 2022

Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Әр көшенің өз тарихы бар» тақырыбында жаңа өлкетану онлайн жобасын іске қосты. Әдеби өлкетанудың құндылығы оқырмандардың туған жерлері туралы білімдерін кеңейтіп, байыта отырып, туған өлкеге және оның тарихына деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті оятады, әдебиеттің өмірмен байланысын толық сезінуге және іске асыруға, отандық әдебиеттің бар білімін жандандыруға және байытуға, туған өлкенің тарихи ескерткіштеріне ұқыпты қарауға көмектеседі. Бірінші шығарылым – «Батыр туралы естелік» тақырыбында танымдық бейне-саяхат Кеңес Одағының Батыры Г.М. Кравцов атындағы орталық көшелердің біріне арналған. Жүргізуші көшенің алғашында Станционный көшесі деп аталып, кейін атақты Ұлы Отан соғысының Батыры, жерлесіміздің құрметіне өзгертілгенін; сондай-ақ Григорий Михайлович Кравцовтың өмірбаяны және оның ерлігі туралы баяндалған. Бейне-жоба деректі әскери кинохроника материалдарымен толықтырылды.

Сілтеме: https://ok.ru/video/3956886932054