«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Алғыс айту және келісім күні

Вівторок, 01 березня 2022

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Жыл сайын бұл мереке біздің еліміздің азаматтары үшін маңызды бола түсуде. Алғыс айту күніне орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Алғыс айту және келісім күні» тақырыбында әдеби – танымдық калейдоскопын өткізді. Іс-шараға ұлтаралық мәдениет орталығының жетекшісі Юрий Петрович Краснорылов және жоғары сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы халықтардың Қазақстанға мәжбүрлі депортациялануына байланысты болған драмалық оқиғалар туралы және оларға Қазақстан халқының көмегі туралы, ал Юрий Петрович бірегей институт – Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы мен жұмысы туралы айтып берді. Іс-шара «Қазақстан халқына ризашылықпен» тақырыбында тақырыптық бейнеролигі толықтырды.

Кітапханашы сондай-ақ екі бөлімнен және тарихи әдебиеттерден тұратын «Алғыс айту-келісім мен бірліктің негізі» тақырыбындағы  кітап көрмесімен танысуды ұсына отырып,  қазақ халқының ашықтығы, ізгі ниеті, қонақжайлылығы мен достығы, білім беру және бірегей мекеме – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы, еліміздің аумағында тұратын халықтар, олардың мәдениеті, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнері туралы баяндайтын материалдарды ұсынды. Ұсынылған кітаптар: В. Михайлованың «Ұлы жұт», Т. Күлбаеваның «Депортация», «Қайғылы тағдырлар парақтары» авторлар ұжымы, М. Тынышпаевтың «Үлкен апаттар» «Қазақстан Тәуелсіздігі: бейбітшілік, жасампаздық және келісімнің 30 жылы», «Қазақстан этностары « және т.б.