Көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары өз оқырмандарына «Көктем эстафетасын қабыл ал, Наурыз!» тақырыбындағы үш бөлімнен тұартын кітап көрмесін дайындады. Көрменің бірінші бөлімі оқырмандарды Наурызды тойлау тарихымен таныстырды, екіншісі-қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын баяндайтын кітаптарды ұсынды, ал, үшінші бөлімде Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары мен тағамдарын дәріптейтін кітаптар болды. Көрмеде оқырмандар Наурыз мерекесінің дәстүрлері туралы толық түсінік беретін қызықты, жақсы суреттелген кітаптармен танысты. Атап айтқанда, оқырмандарымыздың назарына «Қош келдің, Наурыз!» онда қазақ әдебиетінің классиктері Абай Құнанбаевтың, Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсыновтың және басқалардың Наурыз мерекесін тойлау туралы өлеңдері мен шығармалары жинақталған. Оқырмандардың назарына лайық тағы бір қызықты кітап С.Кенжеахметұлының үш тілде жарық көрген «Қазақ әдет-ғұрыптары» кітабы. Кітап оқырмандарымызды қазақтардың ежелгі дәстүрлерімен таныстырды – үлкендерге құрмет, ұлттық салт-дәстүрлер, қонақжайлылық, дәстүрлі тұрғын үй және т. б. Ұлттық тағамдар мен ойындар бөлімінде оқырмандардың назарын «Әлемдік және ұлттық спорт ойындары» және «Қазақ халқының ұлттық ас мәзірі» кітаптары аударды.