18 наурыз күні Наурыз мерекесі қарсаңында түрлі-түсті безендірілген Новошумный ауылдық кітапханасында мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты: балаларды Наурыз мейрамының тарихымен таныстыру, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара мектепалды даярлық және бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен өткізілді.
Кітапханада Р.Рымбаеваның орындауындағы әуен шырқалды. Кітапханашы балаларға Наурыз мейрамы қалай тойланады, мерекеге кімдер келеді, бұл мерекеде қандай салт-дәстүрлер бар екенін, Наурыз туралы аңыз жайында отырып, «Мереке Наурыз– жыл басы!» көрмесіне қойылған кітаптармен таныстырды, сонымен қатар «Наурыз – дала қызғалдақтарының мерекесі» тақырыбында викторина өткізді.