22 наурыз күні орталық аудандық кітапханада «Армысың, Әз Наурыз!» балалар ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Мерекелік бағдарламаның ашылу сәтін кітапханашылар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізді. Балалар Наурыз мейрамының шығу тарихымен және дәстүрлерімен танысты. «Наурыз мейрамы – табиғаттың ғана емес, адамның да жаңаруы. Бұл мейрам күні адамдар көңілде қалған реніштерін ұмытып, жаңа өмір бастайды. Мейрам күні туған-туыс, дос-жаран дастархан басына жиналады.
Сонымен қатар мерекелік бағдарламада қазақ халық ертегілерінен қойылымдар көрсетіліп, көңілді жұмбақтар, ұлттық билер мен ойын түрлері жүргізілді. Мерекелік көтеріңкі көңіл-күйді сыйлау үшін домбыра мен саксофон аспаптарында әсем-әуен тарту етті. Іс-шара соңында барлық қонақтар мен қатысушыларға арналған мерекелік дастархан жайылды.Сонымен қатан орталық алаңда «Армысың, Әз наурыз!» көңілді старт жарысы өткізілді. Көңілді страт алты спорттық бөлімнен : «Ұзындыққа секіру», «Қапшықпен жүгіру», «Нысананы көздеу» және т.б. тұрды. Көңілді старт өз деңгейінде өтті. Жарысқа қатысушы балаларға көңілді старт жарысы көңілдерінен шығып, алдағы уақытта осындай жарыстар көп болса екен деген тілектерін білдірді.