Федоров орталық аудандық кітапханасында жастарға арналған «Оқудан ләззат алыңыз» тақырыбында оқу марафоны аяқталды. Бір жарым ай бойы жастар «Кітап Гольфстримі» тақырыбындағы кітап көрмесінде жарияланған әдебиеттерді оқып, құрдастарына ең ұнайтынын ұсынды. Оқырмандар мына авторлардың А.Сапковский, Х. Мураками, М. Леви, А. Беляев, С. Моэм, Ш. Бронтенің кітаптарын кеңінен оқып, қатты қызығушылық танытты. 28 қатысушының ішінен «Федоровские новости» газетінің тілшісі С. Нашарова марафонның жеңімпазы атанды. Кітапханашылар оқырманға кітапқа және оқуға деген құштарлығы үшін алғыстарын білдіріп, оған естелік сыйлық табыс етті.