Новошумный ауылдық кітапханасында 6-сынып оқушыларымен «Аңызға айналған ұшқыш – шабуылдаушы» атты патриоттық парақша өтті. Іс-шара - туғанына 100 жыл толатын, аты аңызға айналған тұлға-Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Якубекұлы Бегельдиновке арналған. Кітапханашы балаларға Талғат Бегелдиновтың өмірі мен ерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылнамасында жарқын бет болып қалғанын айтты. Жастық шағы мен болашағы жауынгерлік ерліктерге толы болды. Ол Украинадағы шабуылдаушы авиация полкінде қызмет етті, Краснодар жоғары әуе күштерінің штурмандары мектебінде штабты басқарды, соғыстан кейін атақты шабуылдаушы ұшқыш туған жері Қазақстанға оралды. Сонымен қатар подполковник, запастағы полковник, ҚазКСР авиация генерал-майоры әскери атақтарын алды. Соғыс батыры қартайғанға дейін мемлекет пен қоғам өміріне белсенді қатысты. Ол үш рет КСРО жоғары заң шығарушы органы – Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, соғыс мүгедектерінің халықаралық қорын басқарды.