2022 жылдың 20 сәуірінде Федоров аудандық орталық кітапханасында аудан әкімі Т.Қ.Исабаевтың, мемлекеттік мекеме өкілдерінің, кітапханашылардың, ауылдың оқу орындарының оқытушылары мен оқушыларының қатысуымен жазушы Ақылбек Шаяхметтің «Ақын-елдің ардағы» шығармашылық кездесуі өтті. Бұл керемет автордың қаламынан көптеген өлеңдері, драмалары, миниатюралары, мақалалары шыққан.
Сонымен қатар оның көптеген кітаптары да жарық көрді. Ақылбек Шаяхметтің есімі тек біздің облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі. Кездесу өте жоғары деңгейде, жайдары және еркін атмосферада өтті. Шақырылғандар Ақылбек Қожаұлының шығармашылығы туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады, оқушылар өлеңдер оқып, сұрақтар қойды. Жазушының қоғамдық, отбасылық өмірі мен жазушылық қызметін қалай үйлестіре алатынын; мектепте оқып жүргенде кім болуды армандағанын; қазақстандық авторлардың қайсысы қазақ поэзиясы мен прозасының шыңы деп санайтынын; бос уақытында оның сүйікті ісі жайында және т. б. білуге қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Арғынбек Бейбітханның орындауында терме шырқалды. Ақылбек Қожаұлы кітапханаға естелік ретінде қолтаңба қойылған кітаптарды сыйға тартты. Жазушымен кездесу барлық қатысушылардың көңілінен шықты.