«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Новошумный ауылдық кітапханасында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Тарихты  сақтайық» өлкетану сағаты өтті. Кітапханашы оқырмандарды бүгінгі күнмен және ауыл аумағында орналасқан ескерткіштердің тарихымен таныстырды. Іс-шараның мақсаты: өз ауылының мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен тарихи орындары, ескерткіштері туралы әдебиеттерді оқуға тарту.