Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 31 мамыр Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні болып жарияланды. Бұл күні темекі шегетіндер өмірге басқа қырынан қарауға тырысу үшін жаман әдеттен бас тартуға шақырылады.Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін «Өлімге әкелетін темекі» тақырыбында бейне-презентациясын дайындап, онда темекінің жаңа әлемде пайда болу тарихы, темекі шегушінің өзіне және айналасындағыларға тигізетін денсаулыққа зияны туралы ақпарат айтыла отырып, сондай-ақ осы бүлдіргіш әдетті жеңуге үндеп, салауатты өмір салтын насихаттайды.