«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Тарих естелігі: ақиқат пен қайғы

Вівторок, 31 травня 2022

Биыл жыл сайын 31 мамырда аталып өтілетін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 25 жыл толады. Жазықсыз зардап шеккен миллиондаған адамдардың тағдырын ешкім ойлап тапқан жоқ. Саяси қуғын-сүргін біздің тарихымыздың қорқынышты беттеріне айналды. Жазалау жүйесі кінәсіз адамдармен күресіп, өзіне жау ойлап тапты, содан кейін бұл адамдарды аяусыз жойды. Федоров орталық аудандық кітапханасында «Тарих естелігі: ақиқат пен қайғы» тақырыбында тарихи еске алу сағаты өтті, оған шақырылған құрметті қонақтар, ата-аналары қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар қатысты: Налгиев Алихан Саварбекович, Недбайло Лидия Кондратьевна, Герман Александр Яковлевич.

Іс-шарада еске алу күнінің тарихы мен пайда болу себебі туралы ақпарат, қонақтардың сөз сөйлеуі, «Алжир» және «Бес Арыс» тақырыптық бейнероликтерінің көрсетілімі, «Қайғылы тағдырлардың естелік беттері» кітап көрмесімен танысу болды. Аудандық мәслихат хатшысы Берік Ескендірұлы Есенғазин сол жылдардағы қатыгездікке тарихи баға бере отырып, сондай-ақ кінәсіз зардап шеккен барлық қазақстандықтарға қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

А.С. Налгиевтің отбасы басынан кешкен қайғылы оқиғалар туралы естелігі және оның ешқашан қорқынышты оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін достық қарым-қатынасты, парасаттылықты сақтау ниеті өте әсерлі айтылды. Еске алу сағатының соңында аудан әкімінің орынбасары Рамиль Гадельзянович Валеев біздің барлығымыздың бұрын өмір сүрген ұрпақтар алдындағы адамгершілік парызымыз бар екенін атап өтті. Өткенді еске алу бізге қатігездік құрбандары алдындағы борышын орындау үшін ғана емес, қателіктерді қайталамау үшін де қажет екендігін баса айтты. Іс-шара саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.