«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 23.08.25

«Маусым» күнтізбесі беттеріне саяхат

П'ятниця, 03 червня 2022

«Маусым» күнтізбе беттеріне саяхат» онлайн жобасының кезекті шығарылымында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы баршаны жаздың басталуымен құттықтады және әлеуметтік желі қолданушыларына маусымның мерекелік және атаулы күндері, танымал мерейтой иелері туралы айтып берді, олардың арасында австралиялық жазушы Колин Маккалоу, Кеңес Одағының Батыры Темірбаев Сейтхан Нұрмұхамбетұлы, Қазақстан мен КСРО Халық әртісі Қажғалиев Шамгон Сағиддинұлы, жазушы және аудармашы Сейітжан Омаров, француз философы, жазушы, композитор Жан-Жак Руссо және т. б. бар.