2022 жылы Қазақстанда мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы атап өтіледі. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз – халықтың рухының, ұлттың өзін-өзі тануының, ерлігі мен талантының ерекше құнды белгілері. Осы мерейтойға орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары білім бөлімі және өнер мектебінің мамандары арасында «Ел рәміздері – ел рухы» білімділер турнирін өткізді. Байқауға «Исскуство» және «Бүркіт» атты екі команда қатысты. Турнир 3 кезеңнен және ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтардан тұрды. Командалар жұмысын кітапхана мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Турнир соңында екі команда да естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара тақырыптық презентациямен сүйемелденді.