«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 23.08.25

Жас кітапханашылар слеті

Середа, 08 червня 2022

2022 жылдың 7 маусымында Л.Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК  Қостанай облысының жас кітапханашыларының III слетін өткізді. Слетке барлығы 45 адам қамтылды, олардың арасында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы - Шашкова Юлия Александровна қатысты. Жас кітапханашылар кітап оқу және насихаттау тәжірибесімен бөлісіп, «кітап үлгілерін» құру және QR-кодпен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабағын өткізді. БАҚ үшін жазбаша мәтінді сауатты және дұрыс құрастыру, диалог жүргізу және сахнада өзін - өзі ұстау қабілетіне, кітапханалардың ҒӨБ-мен тығыз ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Слеттің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.