Баннов моделді ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Солнышко» бөбекжайының балаларымен «Дәрумендер - біздің достарымыз» тақырыбында танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы балаларға дәрумендердің пайдасы мен олардың адам өміріне әсері туралы айтып берді. Дәрігер Э.А. Рябова (Айболит рөлін атқарған) әркімнің денсаулығына қажетті негізгі дәрумендер бар тағамдарды атап өтті. Балалармен «Пайдалы-зиянды», «Дәрумендер жинаймыз» және т.б. қозғалмалы ойындар өткізілді, іс-шара соңында барлық балалар Айболиттен «сиқырлы дәрумендер» алды.