5 қыркүйек А.Байтұрсынұлының туған күнінде атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күніне орай Новошумный ауылдық кітапханасының кітапханашысы 4 сынып оқушыларымен «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» әңгімесін өткізді. Кітапханашы балаларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушылардың бірі болғанын, қазақ тіл білімінің іргетасын дамытқанын, сондай-ақ араб жазуына негізделген қазақ жазуын да реформалағанын айтып берді. Тіл – халықтың игілігі, ұлттардың бірігуіне, топтасуына ықпал етеді. Тілдер мерекесі - Қазақстанның барлық азаматтарының достық, туыстық және бірлік мерекесі .