Тілдер күніне орай Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларымен «Тіл – достықтың алтын көпірі» байланыс сағатын өткізді. Әңгіме барысында балаларға тілдің маңызы, әрбір тіл-бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениеттің-әлемдік өркениетке баға жетпес үлесі туралы айтып берді. Оқушылар «Туған жеріңді білесің бе?», «Бәйге» сайыстарына, сондай-ақ «Сөйлеу мәдениеті» интеллектуалды ойынына үлкен ықыласпен қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды, сондай-ақ шолу, кітап көрмесі, түрлі тілдердегі әдебиеттер ұсынылды.