Жыл сайын қыркүйекте біз өте керемет, жарқын мереке – Отбасы күнін атап өтеміз. Отбасы-әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Тату отбасы-елдің өркендеуінің негізі» отбасы бенефисін өткізді. Іс – шараның қонақтары ерлі-зайыпты Пилипенко Александр Иванович пен Татьяна Васильевна, ал көрермендер - Абай атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары мен ауыл тұрғындары болды. Іс-шара барысында отбасылық құндылықтар туралы қызықты диалог өтті, «Менің қолжазбам» деректі фильмі көрсетілді және Александр Ивановичтің орындауымен музыкалық нөмір шырқалды.