Новошумный ауылдық кітапханасының кітапханашысы қазақ тілі пәні мұғалімімен бірге 10 сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы – халықтың ұлы ұстазы» атты сынып сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты-көрнекті қазақ қоғам қайраткері, ақын, педагог Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Іс-шараға қатысушылар қазақ тіл білімінің бастауында қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі тұрғанын білді, презентацияны қарады, өлеңдер оқыды және викторина сұрақтарына жауап берді.