28 қыркүйекте Федоров орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері «Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ өткізген «Кітапханалардың жазғы үздік тәжірибелері» атты облыстық семинарға қатысты. Кітапханшы тақырыптық слайд-презентациямен толықтырылған «Кітапхана– ақпараттық мәдениеттің негізі» баяндамасын жасап, әріптестері үшін «Кітап оқы – музыка тыңда» атты әдеби-музыкалық дайджест өткізді.