Қарттар күні – аға ұрпақтың мейірімді де жарқын мерекесі. Осы күнге орай Придорожный ауылдық кітапханасында ауылдың құрметті тұрғындарымен «Алтын жас» кездесуі өтті. Кітапханашы мереке туралы айтып, көңілді байқаулар өткізді, қатысушылардың орындауында түрлі жылдардағы әндер шырқалды. Мерекенің жалғасы шай дастарханы болды, онда қонақтар жастық жылдарын еске алып, әңгіме-дүкен құрды.