Ауылымыздың және айналамаыздағы адамдардың тарихын зерттеу қызықты. Айналаға көз жүгірткен жөн, сонда біз жанымызда қаншама талантты, қызықты, нағыз ынталы адамдар өмір сүретінін көреміз. 19 қазанда Федоров аудандық орталық кітапханасында ауылымыздың құрметті азаматы, Ресей және Қазақстанның экономика ғылымдарының докторы, профессор, Байтұрсынов атындағы КММ ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы Жиентаев Сансызбай Мұхаметғалиұлымен «Мен осында өстім, бұл өлке мен үшін қымбат» аты кездесу өтті. Іс-шараға колледж студенттері, мектеп оқушылары, мұғалімдер, кітапханашылар және ауыл тұрғындары қатысты. Сансызбай Мұхаметғалиұлы қызықты әңгіме барысында өзінің мектеп және студенттік жылдары, еңбек қызметі және ұстаздар әулеті туралы айтып берді.