«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Жыл кітапханашысы – 2022жыл

Четвер, 20 жовтня 2022

Кітапханашы мамандығы шығармашылық және көп қырлы екенін Федоров ауданы кітапханашылары арасында өткен «Жыл кітапханашысы-2022жыл» кәсіби шеберлік байқауы көрсетті. Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберліктің өсуіне ықпал ету, шығармашыл, іскер, дарынды кітапханашыларды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.Ережеге сәйкес байқауға бір жылдан астам еңбек өтілі бар жас кітапханашылар қатысты. Ол бірнеше тапсырмалардан тұрды: «Визит карточкасы», «Кәсіби шебер», «Тірі классика», «Қолөнер туралы әңгімелер».

Байқау әр қатысушының кәсіби білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, олардың қиялын, әзіл-оспақ сезімін және әртістігін көрсетті. Бірақ бұл байқау. Қазылар алқасы барлық тапсырмалардың орындалуын бағалап, қорытындысын шығара отырып, «Жыл кітапханашысы-2022жыл» байқау жеңімпазы атағын Курск ауылдық кітапханасының кітапханашысы Давлетбаева Юлия Петровнаға берді.