«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 21.08.25

«Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң»

Середа, 26 жовтня 2022

Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК қазан айының 17-21 күндері «Қазақ әдебиетінің апталығы» өтті. Апталық аясында «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» атты Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай ғылыми-тәжірибелік конференция және «Жыр әлемінің бәйтерегі» шығармашылық кеші; жазушы, драматург Төлен Әбдіктің «Адалдық алаңындағы бәйтерек» шығармашылық кеші мен «Өтелмеген парыз» қойылымы; журналист, жазушы Ғанибет Ғалымбекұлымен шығармашылық кездесу; жазушы Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» кітабының тұсау кесері өтті. «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне ұлы ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары, халық ақыны, журналист Мұхаметжан Сералиннің поэтикалық мұрасы, сондай-ақ халық ақыны Сырбай Мәуленов пен жазушы, драматург Төлен Әдбіктің шығармалары қойылды.