«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 21.08.25

«Сені жырлаймын, менің Қазақстаным»

Середа, 26 жовтня 2022

Ақпараттық сағат

Ұлттық мереке  –  Республика күніне орай 21 қазан күні аудандық балалар кітапханасы «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 3-4 сынып оқушыларымен «Сені жырлаймын, менің Қазақстаным» атты ақпараттық сағат өткізді. Республика күні – еліміздің басты ұлттық мерекелерінің бірі. Бейбітшілік, ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениеттерінің бірлігі, түрлі діндердің өзара келісімі – барлық қазақстандықтарды біріктіруші идея. Іс-шара мақсаты: оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттылыққа баулу. Ақпараттық  сағат барысында Республика күні мерекесінің маңызы туралы айтылды, тарихи викториналық сұрақтар қойылды, қазақ жерінің ұлы ойшылдары туралы қызықты мәлімет берілді, сондай-ақ қатысушылар назарына бейне-ролик ұсынылды. Балалар белсене ат салысты.