Ұлы мереке – Жеңіс күні қарсаңында Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларымен «Ұлы Отан соғысының білгірлері» атты викторина сабағын өткізді. Іс-шара Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктеріне, өз халқының тарихиына құрметпен қарауды қалыптастыруға, патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға ықпал етті. Викторина «Ұлы Отан соғысының атаулы күндері мен қайраткерлері», «Жауынгерлік даңқ», «Батырларға мәңгілік даңқ» атты үш кезеңнен тұрады. Іс-шара соңында оқушылар «Ұлы Отан соғысының білгірлері» дипломымен марапатталды.