Федоров атындағы орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары екі атаулы мереке – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңына «Тарихта сіздің ерлік сақталады» атты мақтаныш сағаты өтті. Шараға аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Шашкова Зоя Андреевна, мектеп оқушылары қатысты.
Жүргізушілер барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, өткен күндердегідей біздің қазақ әскеріи жауынгерлерімен әйгілі екендігін айтты. Біз Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан қорғауға аттанған жерлестеріміздің жанкештілігі мен ерліктерін мақтан тұтамыз. Кітапханашылар Қостанай облысы мен Федоров ауданының Жеңіске жетудегі өлшеусіз үлесі туралы, 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысушылар туралы әңгімесін оқушылар зор ықыласпен тыңдады.
Іс-шара қазіргі уақытта Федоровка ауылында тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Лобач Нина Климентьевна мен Кеңес Одағының Батыры Григорий Михайлович Кравцов туралы бейнероликтермен сүйемелденді. Шара соңында кітапханашылар баршаны «Жарқын Жеңіс күні» атты кітап көрмесімен танысуға шақырды. Шақырылған қонақтар кітапханаға патриоттық іс-шараларды өткізуге өз ризашылықтарын, тілектерін білдірді.