«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 01.07.25

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны туралы заңға қол қойылды. Бұл күн елімізде ел тәуелсіздігінің айғағы мен қазақстандықтардың болашаққа деген ішкі үмітінің айғағы болған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтілуде. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары осыған орай М. Мәметова атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары арасында «Ел рәміздері – ел рухы» білгірлер турнирін өткізді.

Турнир «Көркемдік», «Интеллектуалды» және «Танымдық» атты үш турдан тұрды. Кездесуде оқушылар өздерінің белсенділіктерін, мақсаттылығын, білімділігін көрсетті. Іс-шара «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» бейнефильмімен толықтырылды.