«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 01.07.25

Федоров орталық аудандық кітапханасында «Естеліктердің өшпес азабы» тақырында еске алу сабағы өтті, оған құрметті қонақтар, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар,  ата-аналары мен туыстары шақырылды: Налгиев Алихан Саварбекович, Буренкова Раиса Романовна, Герман Александр Яковлевич. Іс – шарада еске алу күнінің тарихы мен себебі туралы ақпарат айтылды, қонақтар сөз сөйледі, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» және «Бес Арыс» тақырыптық бейнероликтері көрсетілді, «Естелік ешқашан ұмыт болмайды» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырылды.

«Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы Резник Артем Сергеевич сол жылдардағы жауыздыққа тарихи баға беріп, Қазақстанның барша жазықсыз құрбандары үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

А. С. Налгиев пен Р. Р. Буренкова отбасыларының басынан өткерген қайғылы оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті. Қонақтар бірауыздан қорқынышты оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін достық қарым-қатынасты, адалдықты сақтауға тілек білдірді.

Өткенді еске алу құрбандардың алдындағы борышымызды өтеу үшін ғана емес, қателіктерді қайталамау үшін де қажет. Іс – шара ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.