Биыл орыс жазушысы, ақын, драматург, сценарист, радио жүргізушісі Андрей Усачевтің туғанына 65 жыл толды. Аудандық балалар кітапханасы «Көңілді ойдан шығарушы Андрей Усачев» әдеби мерекесін өткізді. Жас оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалды. Андрей Усачевтің сценарийі бойынша көптеген мультфильмдер, өлеңдер жазылды, әндер жинағы шығарылды. Балалар өлеңдер оқып, автордың әндерін шырқады, оның «Соня» кейіпкері бойынша балалар суреттерді бояп, мультфильмдердің үзінділерін тамашалады.