Федоров жері талантты адамдарға бай. Олармен кездесу әрқашан қуанышты оқиға. 20 шілдеде Федоров аудандық орталық кітапханасында жергілікті авторлар А.Г. Шашковпен және Ж. С. Абдуалимен кездесу өтті. Іс-шара барысында Александр Георгиевич пен Жәнібек Сарыбайұлы өздері және шығармашылығы туралы айтып, өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап берді. Кездесуді еске алу үшін қонақтарға естелік сыйлықтар ұсынылды.