Биыл ақын, аудармашы, күйші, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 165 жыл толады. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін «Шәкәрім Құдайбердиевтің ұлы ақиқаттары» атты бейнебаян-шолу жасап, классикалық әдебиетті жалғастырушының өмірбаяны мен оның шығармалары туралы әңгімеледі.