5 қыркүйекте қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтеді. Осы күні Костряков ауылдық кітапханасында «Тіл - Достық көпірі» атты танымдық ойын өтті. Ойын барысында балалар Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен танысып, үштілділіктің маңыздылығын білді. Ойын барысында викторинаның сұрақтарына жауап беріп, тіл туралы белгілі мақал-мәтелдер мен афоризмдер жазылды. Балалар ғаламшардағы тілдердің алуан түрлілігі, ана тілі - халықтың мінезі, оның естелігі, тарихы, рухани құдіреті туралы білді. Тіл әр түрлі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, ана тілінің адам өміріндегі мәні әлдеқайда тереңірек, маңыздырақ. Қай тілде сөйлесек те, Қазақстанның ортақ үйіміз екенін оқушылыр бірауыздан атап өтті.