Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде Ұлттық Отбасы күні ретінде құрылды. Отбасы - бұл әрбір адамның өміріндегі ең құнды нәрсе, ол кез келген қоғамның өзегі, елдің экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жетістіктерінің негізі. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Үлкен отбасылық шеңбер» әдеби-отбасылық мерекесін дайындап, өткізді. Шараға «Четыре сезона» клубының мүшелері, өрт сөндіру бөлімінің және ТЖ бөлімінің өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Гендерлік саясат бөлімінің басшысы Бекмұхамбетова Инна Александровна қазіргі заманғы жастар мен аға буындарды не мазалайтынын, біздің аудандағы гендерлік саясат бөлімінің жұмысы туралы айтып берді. Ружицкая Людмила Александровна психологы қызықты тренингтер өткізді. Мереке барысында құттықтау сөздері, музыкалық композиялар айтылып, тақырыптық слайдтар көрсетілді. Іс-шара жылы, мейірімді атмосферада өтті.