«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Федоров ауданының тарихи тұлғалар мен оқиғалары

13.09.2023

Биыл Федоров ауданының құрылғанына 95 жыл. Дерек көздеріне сүйенсек Фёдоровка атты елді мекен 1907 жылы құрылған. ХІX ғасырдың 70-ші жылдарында Жаркөл көлінің жағасында орналасқан Троицк - Қостанай жолында Федоров ауданының орталығы Федоровка ауылы бастау алды. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Федоров ауданының тарихи тұлғалар мен оқиғалары» тақырыбында өлкетану кешін өткізді. Кеш барысында аудан құрылған кезеңнен бастап, бүгінгі күнге дейін болып жатқан аса маңызды тарихи оқиғалар, Федоров ауданының экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени-ағартушылық дамуға елеулі үлес қосқан даңқты адамдар туралы айтылды.  Іс-шараға Федоров ауылының өрт сөндіру бөлімі мен ТЖ бөлімінің қызметкерлері қатысты.  Іс-шара «Біз тұратын аудан» және «Федоровка ғимараттары» тақырыптық презентацияларымен толықтырылды.  Кеш соңында «Федоров ауданына 95 жыл» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.