«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

Ұлттық валюта-біздің мақтанышымыз

15.11.2023

15 қарашада Ұлттық валютаның енгізілгеніне 30 жыл толуына орай Федоров орталық аудандық кітапханасында «Ұлттық валюта-біздің мақтанышымыз» тақырыбында  танымдық экскурсиясы өткізілді. Іс-шараға «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Федоров аудандық қазынашылық басқармасы» РММ басшысы Кожина Маншук Кабашевна;  Қазынашылық қызметінің ардагері Исабаева Айнагуль Шекербаевна, «Капитал «КТ» ЖШС басқарма төрайымы Анисимова Татьяна Ивановна, ауыл шаруашылығы колледжінің студенттарі және ауыл тұрғындары қатысты.  

Кітапханашылар біздің валютамыздың құрылу тарихы, оның дизайны, қорғау дәрежелері, теңге өндіру үдерісі мамандарды мұқият даярлауды талап ететін күрделі және қызықты үдеріс екендігі туралы айтып берді, сондай - ақ ақшаның қоғам мен мемлекет өмірі үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Маншук Кабашевана мен Айнагул Шекербайевна қазынашылық қызметінің жұмысы туралы, мемлекеттік жүйелермен өзара іс – қимыл, әртүрлі жылдардағы бюджеттің атқарылу ерекшеліктері, рубльдің жаңа валюта-теңгеге көшу кезеңі туралы айтып берді. Татьяна Ивановна банк пен банк жүйесінің жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. Іс-шараны «Қазақстан қазынашылық қызметі» тақырыптық бейнеролигі және «Ұлттық валюта – теңге тарихы» бейне-презентациясы толықтырды. Қазақстан ұлттық валютасы мемлекеттің маңызды символы, тарихи, әлеуметтік және мәдени дамудың ажырамас бөлігі болып табылады, елдің экономикалық тәуелсіздігінің негізгі кепілі болып қала береді.