«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – өмір мәдениеті

16.11.2023

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады. 16 қараша күні Федоров орталық аудандық кітапханасында ХҚО өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – өмір мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шараға Федоров ұлтаралық мәдени орталығының төрағасы Юрий Петрович Краснорылов, депутат, Молдова орталығының өкілі Елена Александровна Запоражану, неміс орталығының өкілі Елена Сергеевна Салафетова, полиция подполковнигі Богдат Жолдабекович Айкелов, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы және өрт сөндіру бөлімінің өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстарға теріс көзқарасты қалыптастыру. Іс-шара барысында қоғамның жан-жақты дамуына кедергі келтіретін осы қауіпті құбылыстың салдары туралы ақпарат беріліп, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар ортақ пікірге келді: сыбайлас жемқорлықтың ұлты мен діні жоқ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру — бүкіл қоғамның және әрқайсымыздың міндетіміз.