12 қаңтар күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларымен ақын, жазушы Омар Шипиннің 145 жылдығына орай «Өлеңім өміріндей байтақ елдің» портрет кешін өткізді. Іс – шара барысында ақынның өмірбаяны мен өмір жолы туралы айтылды, бейнеролик көрсетілді.