«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

16.01.2024

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп келе жатыр. Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік – рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. 2024 жылы акция аясында жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай ақынның шығармашылығы таңдалды. Осыған орай Федоров аудындық орталық кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы кітаптар, және шығармалары топтастырылған.