18 қаңтарда Федоров аудандық орталық кітапханасында орталық және балалар аудандық кітапханаларының қызметкерлері үшін «Тәжірибе алмасу практикум» практикалық сабағы өткізілді. Директордың міндетін атқарушы А. О. Қарақпаева практикумды аша отырып, мұндай іс-шараларды апта сайын өткізу жоспарланғанын, олардың мақсаты жұмыстың жаңа инновациялық нысандарын енгізу, біліктілікті арттыру болып табылатынын, олар қызметкерлердің құзыреттілігін дамытуға ықпал ететінін, жемісті ынтымақтастықтың кепілі болып табылатынын атап өтті. Кітапханашы Л. Г. Качко кітап көрмелерінің құрылымы туралы ақпарат дайындап, тақырыптық бейне-слайдтар көрсетті. Содан кейін Людмила Григорьевна қатысушылардың назарына жазушы А. Гайдардың туғанына 120 жыл толуына арналған «Сүйікті кітаптар жасаушы» кітап көрмесіне шолу жасады. Көрме желкенді қайық түрінде безендірілген, көрмеде биографиялық мазмұндағы әдебиеттер және «РВС», «Тимур и его команда», «Чук и Гек» және т.б. туындылары орналастырылған. Кітап көрмесіне шолу аяқталғаннан кейін кітапханашылар шолуға қатысты өз пікірлерін білдірді, креативті безендірілгенін атап өтіп, іс-шара үшін алғыстарын білдірді.