Совет жазушысы, тілші және фильмдердің сценарисі, Азаматтық және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Аркадий Петрович Гайдардың (Голиков) туғанына 120 жыл толуына орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Сүйікті кітаптар жасаушы» атты кітап көрмесін безендірді. Көрме екі бөлімнен тұрады. «Аркадий Петрович Гайдар - жазушы, тілші» атты бірінші бөлімде оның өмірбаяны, қоғамдық және шығармашылық қызметі туралы баяндайтын әдебиет орналасқан. Мысалы, «Большой Советской энциклопедии» жазушының балалық шағы, Азамат соғысына қатысуы сипатталады. Жазушының жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер «История русско - советской литературы» кітабынан алынған. Б.Емельяновтың «О смелом всаднике», Б.Қамовтың «Гайдар» кітаптарында да жазушының өмірінен қызықты деректерді табуға болады.Ал «Шығармалар» атты екінші бөлімде автордың «Собрание сочинений в трех томах», оның ішінде «Р.В.С»., «Школа», «Дальние страны», «Военная тайна» және т.б.