«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

«Ауғанстан- тағы да соғыс туралы»

16.02.2024

15 ақпанда «Жастар» мәдениет үйінде  Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына арналған «Ауғанстан - тағы да соғыс туралы» атты кітап көрмесін безендірді. Онда сол кездегі соғыс оқиғаларына арналған материалдар, сондай-ақ интернационалист жауынгерлер туралы кітаптар.  Көрме үш бөлімнен тұрады. «Ауған соғысы туралы -кітаптар» атты бірінші бөлімде тарихи және деректі әдебиеттер ұсынылған: ««Афганистан – наша память и боль»,  естелік кітабы, Смағұл Бақытбек «Тағдыр тозағы», Амангелді Жантасов «Жартасты жастанған жасақ», «ДАҢҚ 1979-1989». Көрменің келесі бөлімінде «Батырлар жанымызда» ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы әдебиет пен деректі материалдар бар. Мұнда ауған батырларының фотосуреттерін, олар туралы мақалалары бар мерзімді басылымдарды оқуға болады. «Ауғанстан: бауырластық, ерлік, қаһармандық» атты үшінші бөлімде осы сұрапыл соғыстың куәгерлері де, сол күндердің есте қалмауын қалағандардың да көркем шығармалары қамтылған. Бұл кітаптар: Жантасова А. «Жартасты жастанған жасақ», Смирнова  О. «Никто не создан для войны», Стрельцова Н. «Возвращение из Афганистана», Верстакова В. «По горячей земле», Гайдара  Т. «Под Афганским небом»  және т.б. Бұл шығармалардың барлығы Отанға қызмет ету, отансүйгіштік, борыш пен ар-намыс туралы. Көрме әскери атрибуттармен толықтырылды.