«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 13.08.25

«Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау жолы»

П'ятниця, 16 лютого 2024

Интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау, сандық сауаттылықты арттыру мақсатында Первомай ауылдық кітапханасының кітапханашы ауыл тұрғындары арасында «Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау жолы» атты профилактикалық әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу барысында алаяқтықтың түрлері, интернеттегі алаяқтық схемалар, сондай-ақ ұялы байланыс пен банк карталары көмегімен жасалған алаяқтық әрекеттер туралы айтылды. Профилактикалық ұсыныстар берілді. «Алаяқтардың амалына қалай түсуге болмайды» деген жадынамалар табыс етілді.