Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Баннов а/о әкімі аппаратының ұжымымен, учаскелік полиция инспекторы және ҚР «Республика» саяси партиясының өкілі А. М. Байназаровпен парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлық құндылықтарын ілгерілету мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел кітапханашының сыбайлас жемқорлықтың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ ҚР Үкіметі жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығы туралы баяндамасынан басталды; содан кейін әкім аппаратының маманы И. С. Хачай сыбайлас жемқорлықтың себептері туралы өз пікірімен бөлісті. Учаскелік полиция инспекторы М.С. Сабыржанов сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазалау шараларына тоқталды, ал «Республика» саяси партиясының өкілі А. М. Байназаров өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың саяси себептеріне және олардың алдын алудың неғұрлым тиімді жолдарына тоқталды.