«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Мерекелік концерт

2024 жылдың 5 наурызында біздің Федоров аудандық балалар кітапханасында Балалар өнер мектебімен бірлесіп шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана - әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті. Бұл біздің қымбатты аналарымыз, әжелеріміз, әпкелеріміздің құттықтаулар мен алғыс сөздерін алатын көктемнің ең нәзік мерекесі. «Отбасының жүрегі, алтын діңгегі – ана» депті бұрынғылар. Ата-бабамыз жалпы әйел затын адамды жоқтан бар ғып өсіретін, ұрпақты адам етіп тәрбиелейтін, ел мен елді ұйыстыратын ел ұйытқысы – ана деп қастерлеген.  8 наурыз-бұл әйелге, оның жұмысына, отбасындағы және қоғамдағы орасан зор рөліне құрмет көрсететін мереке. Біздің міндетіміз-8 Наурызды мерекелеудің осы дәстүрлерін болашақ ұрпаққа сақтау және жеткізу.

Концертке Өнер мектебінің барлық топтарының оқушылары қатысты: домбырашылар ансамблі, гитаристер ансамблі, вокалдық ансамбль, «Гүлдер-ай» би ұжымы, сондай-ақ Талғатбекқызы Назерке, Марченко Палина ана туралы өлең оқыды. Мерекелік нөмірлер аналарымызға, әжелерімізге, қыздарымызға және оқытушыларға арналды. Біз барлық әйелдерге өмірінің әр күні Ризашылық пен құрметке, сүйіспеншілік пен нәзіктікке толы, осы керемет көктем мерекесімен бірдей болуын тілейміз! Залдағы қонақтар балалардың қойылымдарын көтеріңкі көңіл күймен тамашалады. «Аяулы менің анашым» тақырыбында балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.