Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК-ның ұйымдастыруымен «Жастар сарайында» қазақстандық танымал ағартуш, шығыстанушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының тұсаукесері өтті. Оған «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Д. Д. Сарсенбетов және «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық – кітапханалық жүйесі» КММ-нің басшысының м.а. А. О. Каракпаева қатысты. Кездесу барысында автор өз қолтаңбасы бар кітаптарын естелікке табыс етті.