19 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасында орталық аудандық ауруханасының фтизиатр дәрігері Александр Леонидович Литвиновпен кездесу өтті. Кездесу барысында Александр Леонидович туберкулез ауруы, оның пайда болу себептері мен емдеу әдістері туралы айтты. Жиналғандар қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде сұрақтарын қойып, оларға дәрігерден толық жауаптар алды. Шара соңында аталмыш дерттің алдын алу туралы бейнероликтер көрсетілді.