«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

21 наурызда барлық кітапханашылар әкімдіктердің, мектептердің, клубтардың мамандарымен бірге ауылдық округтерде өткізілген ауқымды іс-шараларға қатысты. Мысалы, Федоровка ауылының орталық алаңында орналасқан киіз үйлердің бірінде ОК пен БК кітапханашылары «Наурыз -жыл басы!» көрме павильонын безендірді. Киіз үйде фотоаймақтар, үлкен көрмелер - экспозициялар орналастырылды, онда мереке туралы кітаптар мен дәстүрлі тұрмыстық заттар, киім-кешек, әшекейлер және т.б. ұсынылған.

Іс-шара бағдарламасында құттықтау, Наурыз мерекесінің тарихы туралы ақпарат, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тағамдар, әшекейлер, ойындар, сайыстар туралы әңгімелер қамтылды. Балалар мен ересектер үшін қызықты конкурстар, викториналар, жарыстар өткізілді. Киіз үйге келген барлық қонақтарға бауырсақ, тәтті-дәмділер ұсынылды. Іс-шараға 350-ден астам адам қамтылды.