Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары кеңестік геолог, металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы, 125 жылдық мерейтойына арналған «Қаныш Сәтбаев – әлемге әйгілі ғалым» атты кітап көрмесін әзірледі. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Кітап көрмесінде ғалым Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдар, сондай-ақ академиктің еңбектері көрсетілген энциклопедиялар, библиографиялық анықтамалар: «Избранные труды разных лет», «Избранные статьи о науке и культуре», «Таңдамалы», «Қаныш аға», «Академик К.И.Сатпаев и его современники», «Қаныш аға осындай еді...», «К.Сәтбаев туралы естеліктер» ұсынылды.