«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Ғаббас Жұмабаев - жоғары мәдениет ақыны

04.04.2024

Биыл белгілі ақын, публицист, Ұлы Отан соғысына қатысушы, аудармашы Ғаббас Жұмабаевтың туғанына 100 жыл толады. Ақынның мерейтойы қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары  М. Мәметова атындағы ЖББМ 8 сынып оқушыларымен «Ғаббас Жұмабаев - жоғары мәдениет ақыны» атты әдеби танысуын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар балаларды  Жұмабаевтың өмірбаянымен таныстырды, ақынның «Өмірбаяны» атты өлеңінің бірін бірге оқып, «Сенің есіңде ме??» атты викторинасын  өткізді, оған балалар белсене қатысты.